Алматы облысында әйел мүгедек баласын ұрып өлтірген

Қалижан Бектемір

Әлеуметтік желіде Алматы облысында әйел мүгедектігі бар 2 жасар баласын ұрып өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр, полиция ақпаратты растады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: shutterstock

ОҚИҒА ҚАЙДА БОЛДЫ

Оқиға Алматының іргесіндегі Боралдай ауылында болған.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТІ

Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда аулада бөтеннің баласын соққан әйелдің үстінен іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.