Белгілі қоғам белсендісі Абзал Достияров пен депутат Ринат Зайытов арасында өтеді деген дебат өтпейтін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ШАҚЫРУ
Сейсенбі күні сенатор Нұртөре Жүсіп пен мәжілісмен, “Аманат” партиясының депутаты Ринат Зайытовты АЭС тақырыбында дебатқа шақырған едім. Зайытов өзі сейсенбі күні қоңырау шалып, дебатқа келісетінін айтты. Сөйтіп кеше, сәрсенбі күні пікірталасқа шығуымыз керек еді, бірақ кеше ол бүгін, яғни бейсенбі күні кешкі сағат 19:00-ге ауыстырды, одан бүгін таңертең хабарласып 19:00 емес 21:00 де шығайық деді, енді қазір ғана мүлдем қолы босамайтынын айтты – деп жазды Абзал Достияров.
Ол депутат уәдеде тұрмады дейді.
Естеріңізде болса, бұған дейін АЭС құрылысы бойынша қоғам белсендісі мен депутат арасында дебат өтетінін туралы хабарлағанбыз.