Антикор қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Қалижан Бектемір

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрып, жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертті.

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасап, оларды жолдайды.

Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз. Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Антикор мұғалімдерге еңбекақы төлеу қорынан ақша ұрланғанын анықтағанын жазған едік.