Қазақстанда өлім-жітімге ең жиі себеп болатын сырқат түрлері аталды

Ulysmedia

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында өлім-жітім бір жылда 10,4% артып, осы аралықта елде 137,6 мың адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Ranking.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Ашық дереккөзден

«Өлім-жітім жағдайының көбі Алматыда (14,4 мың жағдай – бір жылда 27,8% көп) тіркелді. Одан кейінгі тізімде Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысы тұр», - делінген агенттіктің зерттеуінде.

Елде өлім-жітімге ең жиі себеп болатын аурулардың түрі қан айналымы жүйесінің ауруларына байланысты болып отыр: 32,5 мың жағдай. Сонымен бірге демалу органдары ауру түрлерінен 15,2 мың адам адам көз жұмған.