Танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды

Қалижан Бектемір

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаева қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: facebook.com/Оралхан Дәуіт

Бұл туралы журналист Оралхан Дәуіт әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, өнер иесінің жаназасы ертең оқылатынын айтты.

Қайран, Гүлнәр әпке... Бір ауылда туып-өссек те жүзбе-жүз сөйлесуді Алла Тағалам жазбаған екен. Телефон арқылы талай мәрте әңгімелесіп, сұхбат та алдым. Өте ашық жарқын, керемет жан едіңіз. Өмірден ерте өткен анаңыз туралы жиі айтып, мұңайып қалушы едіңіз. Енді міне, аяқ астынан анаңыздың артынан аттанып кете барыпсыз...
Алла Тағалам о дүниеңізді берсін.

Ағайын, бүгін белгілі әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі Гүлнар Сиқымбаева қайтыс болды.
Жаназасы ертең Түркістан облысы Төлеби ауданы Жамбыл ауылында өтеді,- деп жазды ол.

ГҮЛНӘР СИҚЫМБАЕВА

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Майбұлақ ауылының тумасы. “Мен саған өкпелемеймiн“ атты әнімен елге кеңінен танымал талантты әншінің “Бишi қайың“, “Қыз-қарағай“, “Сары бидай“, “Мен деп ойла“, “Сүйген жүрек“ “Туған жер“, “Наркескен“, “Күз секiлдi“ сияқты туындыларды нәшіне келтіре орындауы өнерсүйер қауымның көңілінен шыққан.