Ақтауда ер адам жартас жолы аумағында қаза тапты

Қалижан Бектемір

Ақтаудағы 4А шағын ауданындағы жартас жолының аумағында ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Lada.kz сайтының жазуынша, бұл ақпаратты құтқарушылар растаған.

Өңірдің ТЖД мәліметтері бойынша, ер адамның қаза тапқаны туралы хабарлама бүгін түстен кейін, 6 қазанда, сағат 13:45-те "103" диспетчерінен келіп түсті. Ер адам абайсызда "Русалка" мүсіндік композициясынан тастарға түсіп кеткені белгілі болды.

Марқұм туралы деректер мен марқұмның жеке басы анықталады.