Израильдің Беэр-Шева қаласындағы автовокзалда теракт болды

Қалижан Бектемір

Израильдің Беэр-Шева қаласындағы автовокзалда теракт болды. Салдарынан 20 жастағы қыз қаза болып, сегіз адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Меир Эвен-Хаим

НЕ ЖАҒДАЙ

Вести Израиль сайтының жазуынша, "Беэр Шева" орталық автовокзал кешенінде қаруланған лаңкес оқ жаудырған. Тоғыз адам жарақат алды. Көп ұзамай 20 жастағы бойжеткен қаза болды.

Лаңкестің өзі де өлтірілді. Полиция оның кім екенін анықтады. Ол Негевтегі бұрын сотталған көшпелі бәдәуилер лагерінің тұрғыны болған.

Куәгерлердің айтуынша, атыс үш жерде – біреуі тіскебасар сататын жердің жанында, екіншісі дәмханада, үшіншісі жолаушылар терминалына кіре берістің жанында болған.

САЛДАРЫ

Беэр-Шевадағы орталық автовокзалдағы терактіден зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр, тағы төрт адамның жағдайы орташа, екеуі жеңіл жарақат алған.

Лаңкестің сыбайластарын іздеп жатқан полицейлер азаматтарды автовокзалға жақындамауға шақырды. Сондай-ақ лаңкестік оқиға болған жердің жанынан қызыл көлікті көргендерден дереу полиция шақыруын сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израильдің Ливан астанасына тағы соққы бергенін жазған болатынбыз.