Дала өртінде құтқарушы қаза тапты. ТЖМ мәлімдеме жасады

Қалижан Бектемір

Қарағанды облысындағы өрт кезінде құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia.kz

НЕ ЖАҒДАЙ

ТЖМ мәліметінше, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысындағы қызметтік міндетін атқару кезінде №24-өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза тапқан. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген.

ТЖМ НЕ ДЕЙДІ

Министрлік қара жамылған отбасына көңіл айтып, жан-жақты көмек пен қолдау көрсетілетінін айтып отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталған

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатқаны айтылды.

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ҚАЗАСЫ

2023 жылдың маусымында Абай облысының Батпаев орман шаруашылығы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында» орман өртеніп, өрт сөндіре жұмсытары кезінде 14 ораншы қаза тапқан. Биыл мамырда өртке кінәлілер сотталған.

ОРЫНДАЛМАҒАН УӘДЕ

Семейдегі өрт орман шаруашылығы саласындағы біраз мәселенің бетін ашқан. Осы жағдайдан кейін үкімет орманшылардың жалақысын арттыруға уәде берген. Алайда айтылған сөз сол жерде қалған.