Асылов: Telegram-арналар мен әкімшілері тексеріледі

Әлихан Асқақ

Бас прокурор Берік Асылов Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсетуге қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia

Суицидті насихаттайтын шетелдік сайттар бойынша құқықтық көмек көрсету үшін халықаралық тапсырмалар жіберіледі. Тергеу барысында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы мәселені қарастырамыз – деді ол.

Ол қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, бірқатар сараптамалар тағайындалатынын айтты.

ІІМ суицидтің барлық фактілерінде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерін тексеру тапсырылды. Тергеу барысын бақылауға алдым. Басқа да әлеуметтік желілерде ҚК-нің 313-1-бабы белгілерінің бар-жоғын тексереміз. Интернетте өз-өзіне қол жұмсауды насихаттағаны үшін прокуратура ҚК-нің 313-1-бабымен 3 қылмыстық іс қозғады. Тергеуді арнайы прокурорларға тапсырдым. Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген контентке қатысты бірнеше Telegram-арнаның қатысушылары мен әкімшілері тексеріледі – деді Бас прокурор.

Естеріңізде болса, бұған дейін Америкалық отбасы асырап алған қазақ қызы өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлағанбыз.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова мектеп оқушылары арасында өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюі оқушылар мен ата-аналардың цифрлық сауаттылығын арттыруды талап ететінін айтқан еді.

Қазақстанда соңғы уақытта суицид жағдайлары жиілеп кетті.

Жуырда Almaty Management University студентінің мәйіті табылған болатын. 

Оның алдында сержант Алматыдағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында суицид жасағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ 18 жастағы жігіт Алматыдағы Әуезов ауданындағы көпқабатты үйден секіріп кеткен еді.

Таяуда Алматыда 12 жастағы жасөспірім қыз 13-қабаттан секіріп өзіне қол салған. Оның алдында екі оқушы қыз 8 қабаттан секіріп мерт болған еді. Жасөспірімдердің суицидін өзіне қол салуға итермелейтін қауіпті ойындармен байланыстырып жатқандар бар. Алайда бұл нұсқа ресми расталмады. Аталған фактілер бойынша тергеу жалғасып жатыр.