Қазанның аяғына дейін: Ресеймен шекарадағы қозғалыс шектеледі

Ілияс Бақыт

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ШЕКТЕУ ҚАЙДА ЕНГІЗІЛМЕК

Батыс Қазақстан облысындағы «Тасқала» өткізу бекетінде шектеу енгізіледі.

7 қазаннан бастап Саратов облысындағы Қазақстанмен шекаралас «Озинки» ресейлік автомобиль өткізу бекетінде жүк көліктеріне арналған жолақта күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл туралы  ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 

ҚОЗҒАЛЫС ШЕКТЕЛУІ МҮМКІН

Жөндеу жұмыстарына байланысты өткізу бекетінің өткізу қызметі шектелуі мүмкін екені ескертілді.

ҚАШАН АЯҚТАЛАДЫ

Жөндеу жұмыстары 31 қазанда аяқталады деп жоспарлануда.

Комитет қазақстандық-ресейлік шекараны «Тасқала» автомобиль өткізу бекеті арқылы кесіп өтуге қатысты жоспар құрғанда осы ақпаратты ескеруді сұрайды.