Ұлттық киноны қолдауға бөлінген қаржы тиімсіз жұмсалған: кімдер жауапқа тартылды

Қалижан Бектемір

Алматы қаласы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары мен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: kazakhcinema.kz

ПРОКУРОРЛАР НЕ ДЕЙДІ

Бас прокуратураның мәлімет бойынша, Алматы қаласының прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатын игеру кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне тексеру жүргізген.

Прокурорлар ұлттық фильмдерді тиімсіз қаржыландыру фактілерін анықтаған. Мысалы, прокурорлардың мәлімдеуінше, 2019-2021 жылдар кезеңінде "Выбор" кинофильмі оны түсірудің барлық кезеңінде 500 млн теңге сомасына толық көлемде қаржыландырылған.

Алайда мемлекет толықтай қолдағанына қарамастан, аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады. Ал "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қаржылық қолдау, ұлттық фильмдерді және соған байланысты іс-шараларды шығаруды, прокаттауды және көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде көрсету үшін ұсынылады. Оның үстіне, аталған фильмге прокаттау куәлігі алынбаған, бұл Заңның 14-бабы 1-тармағына қайшы келеді (ұлттық деп танылған фильмге ұлттық фильмнің куәлігі беріледі), – делінген прокуратура хабарламасында.

421 МЛН ТЕҢГЕГЕ ТҮСІРІЛГЕН ФИЛЬМ ПРОКАТҚА ШЫҚПАҒАН

Осылайша мемлекет, заңнамада көзделген прокаттан және фильм көрсетілімінен түсетін кірістің 20 пайызын алу мүмкіндігінен айырылған. Қадағалаушы орган өкілдерінің мәліметінше, 421 млн теңге сомаға қаржыландырылған "Тырналар" фильмі де прокатқа шықпаған. Бұған қоса 2019 жылдан бастап фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілмеген, ол елдің барлық кинотеатрларында кинокөрсетілімдер мен сатылған билеттер бойынша, сондай-ақ фильмнің бюджеті бойынша статистиканы қадағалауға мүмкіндік берер еді.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Сәтсіз питчиң немесе министр Аида Балаеваға ор қазып жүрген кімдер

Киножобаларға объективті іріктеу жүргізілмейтін Сараптамалық Кеңестің жұмысы жекелеген наразылықтарды тудырып отыр, оның үстіне кинокомпаниялардың продюсерлері, режиссерлері, актерлері, құрылтайшылары бір уақытта Сараптамалық Кеңестің мүшелері болып, нәтижесінде жоба қаржыландырылған, бұл ҚР Үкіметінің 15.03.2019 жылғы №113 Қаулысына қайшы келеді. Көрсетілетін орасан зор мемлекеттік қаржылық қолдауға қарамастан, күтілетін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілмегеніне тексеру нәтижелері дәлел, – ейді прокурорлар.

Бас прокуратура өкілдері Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары мен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылғанын мәлімдеді.