Саяси амбицияңыз қандай – Склярға тосын сұрақ қойылды

Аян Өрібай

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр болашақта өзін кім көретінін және қандай саяси амбициясы бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет

СКЛЯРДЫҢ АМБИЦИЯСЫ ЖАЙЛЫ  

Журналистер премьер-министр Роман Склярға "премьер-министр болуға саяси амбициясы бар ма, жоқ па?" деген сұрақ қойды. 

– Маған ешқашан мұндай сұрақ қойылмаған, мен болашақта өзіңізді кім деп санайсыз дегендей. Бірақ мен кейде достарыма менің алғашқы мамандығым құрылысшы екенін айтып отырам. Менде құрылысшы болудан басқа амбиция жоқ, - деді ол.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕН КЕЙІН НЕ ІСТЕЙСІЗ  

Скляр сонымен қатар мемлекеттік қызметте жұмыс аяқталғаннан кейін не істейтінін айтты.

– Мен мемлекеттік қызметтегі жұмысты аяқтаған кейін міндетті түрде құрылыспен айналысамын. Шынымды айтсам, маған сол сала өте ұнайды, - деді ол.

Роман Скляр бұған дейін Ресей БАҚ-тарының АЭС-ке байланысты ақпараттық шабуылы жайлы сұраққа жауап берген болатын.