Қазақстанда бұрынғы уақыт қайтарыла ма – Үкіметке сұрақ тағы қойылды

Аян Өрібай

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр петиция жазған Қазақстан азаматтарының елдегі бірыңғай уақыт белдеуін жою туралы талабына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

БӘРІ ҚАРСЫ ЕМЕС  

Склярдың айтуынша, егер қазақстандықтардың бір бөлігі бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы болса, екінші бөлігі оны құптайды.

– Мысалы, Ташкент Шымкент маңында орналасқан. Арасында бір сағатқа айырмашылық болды, қазір ешқандай айырмашылық жоқ. Ешкім ренжіген жоқ. Бұл жағдай біреуге қолайлы, біреу қолайсыз, – деді премьер-инистрдің орынбасары.

"МЕН ҮЙРЕНДІМ" 

Роман Скляр өзінің бір уақыт белдеуіне қалай қарайтыны туралы да айтты.

– Егер менен сұрасаңыздар – жылдар бойы ерте ұйықтауға дағдыланғанмын, бұл өзгеріс маған жақсы. Менің кейбір достарым мұны ұнатпайды. Яғни біз барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді өлшеуіміз керек. Бұл іс жүзінде қалай болатынын күту, тыңдау және көру керек", - деді ол.

"ДАУЛЫ МӘСЕЛЕ" 

Журналистер Склярға Қазақстанда ұзақ жылдар бойы қысқы және жазғы уақыт болғанын еске салды. Қазір қазақстандықтардың наразылығынан басқа, күннің ерте батуынан электр энергиясын тұтынудың өсуіне шағымдар да бар. Сонымен қатар, мектептегі балалар да қараңғыда қайтады.

– Мүмкін, біздің қоғамның басқа бөлігі – гипертониктер керісінше, қысқы уақытқа ауысуды қабылдамайтын шығар. Бұл жерде мәселе өте даулы, – дейді ол.

ЖАҢА УАҚЫТ БЕЛДЕУІ

Қазақстанда биыл 1 наурыздан бастап жаңа уақыт белдеуіне көшіп, бүкіл елде уақыт теңестірілді. Үкімет басшысы таяуда Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойған еді. 

Таяуда Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бұрынғы уақытты қайтару жөнінде талапқа жауап берді. Оның сөзінше, ұсыныс қайта қаралуы керек. Ал жақында Мәжілістің бір топ депутаты уақыт белдеуіне өзгертуге байланысты үндеу жасап, алдағы уақытта парламенттің жалпы отырысында мәселе көтерілетінін мәлім еткен.