Атырау маңындағы ауылда пошта ғимараты отқа оранды (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Атырау қаласының маңындағы ауылда пошта ғимараты өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

ТЖД МӘЛІМДЕМЕСІ

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, өрт бүгін, 8 қазанда болған.

Таңертеңгі сағат 09:12-де Атырау қаласы маңындағы Томарлы ауылында орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның филиалынан шақырту түсті. Шақырту орнына құтқарушылар жедел жетіп, ғимараттың төбе жабындысының өртенгенін анықтады. Жалын сағат 09:39-да оқшауланып, сағат 09:47-де толық сөндірілді, – деп хабарлады ТЖД қоғаммен байланыс тобы.- 

ӨРТ НЕДЕН ТҰТАНДЫ

Өрттен ешкім зардап шекпеген. Пошта ғимаратындағы жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 15, апаттық медицина орталығынан 3 қызметкер, 1 техника тартылған. 

Төтеншеліктер өрттің неден тұтанғаны туралы мәлімет берген жоқ. Жалынның салдарынан ауылдағы пошта ғимараты жарамсыз болып қалды.