«Салмағы 6 келі 500 грамм»: Шымкентте алып сәби дүниеге келді

Қалижан Бектемір

Шымкентте салмағы алты келіден асатын алып сәби өмірге келді. Дәрігерлер әйелді табиғи жолмен босандырып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Шымкент қаласы ДСБ

Қала тұрғыны Альмира Жандарбекова 3 қазан күні Шымкент қалалық № 2 аурухананың перзентхана бөліміне келіп түскен. Дәрігерлер келіншекті бақылауға алып, перзентханада толғағы келгенін күткен. Нәтижесінде 4 қазан күні сағат 13:50–де салмағы 6 келі 500 грамм, бойы 63 см сәби дүниеге келді.

Нәрестені туыстары Тәуекел деп атады. 

 Мамандардың айтуынша, қазір ана мен баланың жағдайы жақсы, денсаулыққа ешқандай шағым жоқ. 

Қазір ана мен бала өміріне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ. Жағдайлары жақсы, – дейді аурухана дәрігерлері.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында үшем дүниеге келгенін жазған едік.