Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды

Ғалиасқар Думан

2023 жылдың басында өмірден өткен белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтің енді ұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Бұл туралы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мәлім етті.

Соңғы болған оқиғаларды естіп, жүректен жүрек қалмады. Көңілім құлазып отыр. Бүгін тіпті Арман Дүйсеновтің ұлы қайтыс болды деген хабарды естіп, отбасына қайғыра көңіл айтамын! Бекем болыңыздар. Алла бәріне ғұмыр сыйласын. Қазақта "аталатсаң да, боталатпа" дейді. Анасына өте ауыр. Бекем болыңыз! Осы Кеңсай зиратында Қайрекең мен Арман Дүйсенов қатар жатыр. Ол кісі екеуіне құран бағыштадық деп фото, видео жіберіп тұрады. Рақмет, сізге! – деді журналист инстаграм желісіндегі стористе.

Өнер иесінің ұлы неден көз жұмғаны хабарланған жоқ.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Оқыс оқиғаға байланысты Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады. Іс нақты қандай бап бойынша ашылғаны әзірге айтылмады.

АРМАН ДҮЙСЕНОВ

2023 жылғы 24 қаңтарда 47 жасында қайтыс болған. Ол эстрададағы белді композиторлардың бірі болған. Өнер саласының әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка бағыттары бойынша кәсіби білім алған.