Ақмола облысында 8 шенеунік жауапқа тартылды

Қалижан Бектемір

Ақмола облысы прокуратурасы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алудан заңсыз бас тартқаны үшін жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қадағалаушы орган мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылықтың сақталуына талдау жүргізу барысында мемлекеттік органдар "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұза отырып, жалпы сомасы 3,8 млрд теңгеге немқұрайлы себептерімен сатып алудан бірқатар бас тартуды жүзеге асырғанын анықтаған.

Мысалы, ауданның құрылыс бөлімдерінің бірі объектінің күрделілік деңгейін дұрыс көрсетпеу, бас жоспардың және басқа да құжаттаманың болмауы себебінен мемлекеттік сатып алудан бас тартқан.

ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Бұл негіздер мемлекеттік сатып алудан бас тарту және одан әрі шарт жасаспау үшін қолданылмайды (Заңның 5-бабы 13-тармағы).

Осылайша, мемлекеттік органдардың аталған заңсыз әрекеттері кәсіпкерлердің құқықтарын, адал бәсекелестік қағидатын бұзады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Астанада айыппұл төлеуден жалтарған шенеунік он жылға сотталған еді.