Өзін де, көлігін де өртеп жіберген алматылық көз жұмды

Әлихан Асқақ

Алматыда әуелі айыппұл тұрағында тұрған машинасын, сосын өзін өртеп жіберген ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

дереккөз

Ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті мен қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

ҚАЛАЙ БОЛДЫ

Патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru автокөлігін тоқтатады. Оның иесі 1,3 миллион теңге көлемінде айыппұлын төлемеген. Оның үстіне жүргізушіде міндетті сақтандыру полисі де болмаған. Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылады. Біраз уақыттан кейін жүргізуші айып тұрағына қайта келеді.

Көлікке отырған ол өз-өзіне бензин құйып, өртеп жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін шұғыл шаралар қабылдады: өрт сөндіргішпен және импровизацияланған құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл ауруханаға жатқызылды. Автокөлікті сөндіруге полицейлер мен оқиға куәгерлері қатысты, - деген Алматы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев оқиғаны түсіндіріп.

Естеріңізде болса, 1 қазан күні Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы айып тұрағының аумағында тұрған көлікте 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, содан кейін өзін өртеп жібергені туралы жазғанбыз.