Жалақысы 1 млн 279 мың теңге - Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алады

Ілияс Бақыт

Ұлттық статистика бюросыны қазақстандықтардың жалақысына қатысты жыл сайынғы зерттеуін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia/ЖИ

2024 жылы Қазақстандағы орташа жалақы 285 677 теңгені құрады, бұл туралы Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы зерттеуінде хабарланды.

Егер сіздің жалақыңыз айына 1 миллион теңгеден асатын болса, онда сіз ең көп жалақы алатын 3% қызметкерлердің қатарына кіресіз.

Ең жоғары жалақы темекі өнеркәсібінің қызметкерлерінде, олардың орташа айлық жалақысы 1 279 000 теңгені құрайды. Екінші орында мұнай-газ өндіру саласының қызметкерлері, олардың орташа табысы 1,1 миллион теңгеден асады.

Аймақтар бойынша ең жоғары орташа жалақы Атырау облысында тіркелген, онда ол 594 426 теңгені құрайды.

Орташа айлық жалақы алушылардың үлесі былай бөлінген:

  • 100 000 теңгеге дейін — 6,1% қызметкерлер;
  • 100 001-ден 150 000 теңгеге дейін — 12%;
  • 150 001-ден 300 000 теңгеге дейін — 35,1%;
  • 300 001-ден 600 000 теңгеге дейін — 35,6%;
  • 600 001-ден 900 000 теңгеге дейін — 6,9%;
  • 900 001-ден 1 200 000 теңгеге дейін — 2,1%;
  • 1 200 001-ден 1 500 000 теңгеге дейін — 1%;
  • 1 500 001 теңгеден жоғары — 1,2%.