Полиция жыл басынан бері Алматыда 203 құқық бұзушылықты тіркеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БІР ҒАНА АЛМАТЫНЫҢ ӨЗІНДЕ
Жыл басынан бері Алматыда отбасы-тұрмыстық саладағы 203 құқық бұзушылық оқиғасы тіркелген.
СТАТИСТИКА МЫНАДАЙ...
Алдын алу шаралары аясында 6000-нан астам адам есепке алынды, оның 156-сы мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілген. Сонымен қатар, қорғаныс бұйрығын бұзғаны үшін 294 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ерекше мінез-құлық талаптарын бұзғаны үшін – 189, дене жарақатын салғаны үшін – 1303, ал жеңіл дене жарақатын келтіргені үшін – 751 адам жазаланған.
ЖАПА ШЕККЕНДЕРГЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Полиция зардап шеккен әйелдерге қолдау көрсетіп, 140-тан астам әйелді баласымен дағдарыс орталықтарына жіберді. Сондай-ақ, 99 отбасылық бұзақы мінез-құлқын түзетуге арналған психокоррекциялық бағдарламаға жіберілген.