Әдебиет бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығын оңтүстік кореялық жазушы Хан Ган алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әдебиет бойынша 2024 жылғы Нобель сыйлығы оңтүстік кореялық жазушы Хан Ганға "Тарихи жарақаттармен бетпе-бет келген және адам өмірінің нәзіктігін ашатын қарқынды поэтикалық прозасы үшін" берілді, - делінген хабарламада.
Хан Ген 2016 жылы ет жеуді тоқтату туралы шешім қабылдаған әйел туралы "Вегетариан" романы үшін халықаралық Букер сыйлығының лауреаты болды. Бұл роман оның ағылшын тіліне аударылған алғашқы кітаптарының бірі.
Медицина саласындағы Нобель лауреаттар – америкалық Виктор Амброс пен Гэри Рувкун.
Физика бойынша бас ғылыми сыйлықты Джон Хопфилд пен Джеффри Хинтон алды.
Ал Химия бойынша Нобель сыйлығын Дэвид Бейкер, Демис Хассабис пен Джон Джампер қатарлы үш ғалым алды.