Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалды (ВИДЕО)

Қалижан Бектемір

Алматы облысында ілбіс (қар барысы) фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: egemen.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігі жыртқыштар «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде байқалғанын айтты.

Қар барысы – ең сирек кездесетін ірі жыртқыштардың бірі. Бұл жануардың «қар барысы» деп аталуы бекер емес: ол таулы аймақтарда, жыл бойы қар басып жататын биік таулы аймақта өмір сүретін мысықтар тұқымдасының жалғыз өкілі.

Қазақстанда қар барысы 1978 жылы Қызыл кітапқа енгізілген. 

Бұған дейін Тянь-Шаньның қоңыр аюлары ұлттық паркте фототұзаққа түскенін жазған едік.