Бұрын-соңды болмаған: Камала Харрис 1 миллиард доллар донат жинады

Сырым Қаржас

АҚШ вице-президенті, демократиялық партиядан президенттікке кандидат Камала Харрис сайлау науқаны басталғалы 1 миллиард доллар жинады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы CNN-ге сілтеме жасап.

Жасанды интеллект/Ulysmedia

Камала Харристің командасы шілде айының соңында президенттік сайлауға түскелі бері 1 миллиард доллар донаттық сома жинап алған. Бұл туралы CNN журналистеріне екі дереккөз хабарлаған.

– Бұл оның бұрынғы президент Дональд Трампқа қарсы науқанында қаражат жинаудың үлкен шекарасын бағындырғанын білдіреді.

Басқа президенттікке үміткерлердің бәрі өзінің саяси партиясымен бірге өткен сайлауда 1 миллиард доллардан аса сома жинаған. Бірақ Харрис бұл шекті керемет жылдамдықпен еңсерді. Екі жарым ай бұрын демократиялық партияның тізіміне көтерілуі қазіргі президенттік жарыста қаржылық жағдайды қаншалықты өзгерткенін көрсетеді, – делінген мақалада.

Opensecrets зерттеу директоры Сара Брайнер Харрис "бұрын-соңды болмаған" нәтижеге жеткенін айтты.

CNN-де айтылғандай, қайырымдылықтың өсуі Харриске Трамп командасы жинаған сомадан едәуір озып кетуге көмектескен.

АҚШ-ТАҒЫ САЙЛАУ  

АҚШ президентінің сайлауы 5 қарашада өтеді. Республикалық партиядан Трамп мемлекет басшысы лауазымына ресми түрде ұсынылды. Демократтардан қазіргі вице-президент Харрис сайлауға қатысуды жоспарлап отыр.