«Шығыс салбурыны»: Нұрасыл – бес жасар бүркітші

Қалижан Бектемір

«Шығыс салбурыны-2024» халықаралық фестивалінің ең жас қатысушысы – Нұрасыл Бақытбекұлы. Ол бес жаста. Соған қарамастан, бүркіт пен ителгіні қолға шақыру сайысына қатысып, бағын сынап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

Маған құс баптау ұнайды. Биыл «Шығыс салбурыны» фестиваліне бірінші рет қатысып отырмын. Мен құсты ұшыра аламын, шақыра аламын, ұстай аламын және осы құстармен аңшылыққа да шығамын, - дейді «Шығыс салбурыны» фестивалінің ең жас қатысушысы Нұрасыл Бақытбекұлы.