Шешім қабылданды: Мәскеу биржасы KASE акционерлері құрамынан кетеді

Сырым Қаржас

Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы Тимур Сүлейменов бүгін, 11 қазанда өткен брифингте Мәскеу биржасына енгізілген санкциялардың салдары және оның Қазақстан нарығына әсері туралы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

САНКЦИЯЛАР МЕН МОСБИРЖАНЫҢ ШЕШІМІ  

– Мосбиржа санкцияларға ұшырап, олардың статусы біздің биржамыздың қызметіне кедергі келтіретінін серіктестік кезінде хабардар етті. Сондықтан KASE акционерлерінің құрамынан Мосбиржаның шығуы туралы шешім қабылданды, – деді Тимур Сүлейменов.

Бұл шешімді екі тарап та қолдаған, енді Мосбиржа Қазақстан қор биржасы (KASE) акционерлерінің құрамынан кетеді.

АРЫ ҚАРАЙ НЕ БОЛАДЫ  

KASE жақын арада Ресей нарығымен өзара іс-қимылға қатысты алдағы қадамдарды түсіндіретін ресми мәлімдеме таратуға уәде еткен. Алайда қазір биржаның жаңа кезеңі басталып, акционерлер өзгерістерге дайын болуы керектігі түсінікті.

– Мосбиржа шығу туралы шешім қабылдады және жақын арада KASE акционерлері арасында болмайды, – деп қорытындылады Сүлейменов.

МӘСКЕУ БИРЖАСЫ  

Мәскеу биржасы акциялардың 13,1% иелік етеді. Сонымен қатар, ұйым стратегиялық серіктес, онымен бірқатар келісімдер жасалған.

Бұған дейін KASE басшысы Мосбиржаға қарсы санкциялар туралы айтқан болатын. Алина Алдамберген биржа акционерлерінде санкциялық тұлғаның болуы қазақстандық қатынастарға және шетелдік қаржы ұйымдарымен, серіктестермен қарым-қатынастарды қолдауға әсер ететінін айтқан. 

12 шілдеде Ұлттық банк басшысы Тимур Сүдейменов Мосбиржаға қатысты санкцияларға байланысты KASE және AIX бірлестігі қазір кідіріп тұрғанын хабарлаған.