Белгілі әнші-композитор Рамазан Елібаев дүние салды

Қалижан Бектемір

Әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Елібаев қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

Рамазан Елібаев 1947 жылы дүниеге келген. Ол – белгілі қазақ әншісі және композиторы, «Нұрекем», «Тұмарым», «Жаным-ау», «Не пая» әндерінің авторы және орындаушысы.

«Көздер-ай», «Жас ұлан», «Балалық қайран бал шағым», «Көңіл күйі» т.б. «Гүлдер» ансамблінің құрамында түрлі халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаты. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.

Әнші бір жыл бұрын 3-дәрежелі "паркинсон" дертіне шалдыққан еді.

Өнер қайраткерінің қазасы туралы хабарды балалары жариялады.

Марқұмның жаназасы 13 қазан күні Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте шығарылады.

Еске салсақ, күні кеше Дәрібаевтар ансамблінің негізін қалаған Ибрагим Дәрібаев өмірден өткен.