Үш адам қаза тапты: Жетісу облысында жол-көлік апаты болды

Қалижан Бектемір

Жетісу облысы Текелі қаласында жол-көлік апаты болып, салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: видеодан скрин

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жетісу облыстық ПД-ның Instagram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сенсек, 11 қазанда Текелі қаласының Әуезов көшесінде жол-көлік оқиғасы болған. Апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген.

ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сіздерді, әсіресе, ауа райы нашарлаған кезде барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Өзіңізді және айналадағы адамдарды сақтаңыз, – делінген полиция хабарламасында. 

Бұған дейін Lexus маркалы көліктің жүргізушісі басып озу кезінде тізгінге ие бола алмай қарсы келе жатқан автокөлікке соғылған еді.