Жер бетінде жабайы жануарлар саны 73%-ға азайып кеткен

Қалижан Бектемір

Әсіресе, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдеріндегі жағдай күрделі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24.kz сайтының мәліметінше, 1970-2020 жылдар аралығында жер бетіндегі жабайы жануарлардың саны 73 пайызға азайған. Әсіресе, Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдеріндегі жағдай күрделі. Мұнда кейінгі жарты ғасырда жануарлардың саны 95 пайызға дейін қысқарған. Оған адамның іс-әрекеті, климаттың өзгеруі мен түрлі аурулардың таралуы себеп. Мамандар мұның бәрі болашақта азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикаға кері әсер етуі мүмкін деп ескертеді.

Десе де жақсы жаңалықтар да жоқ емес. 50 жылда Африкадағы тау гориллаларының популяциясы қалпына келе бастаған. Сонымен қатар бұрын жойылу қаупі төніп тұрған жабайы бизондар саны көбейген.

Еске сала кетсек, Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түсіп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ елімізде жануарлардың 230-ға жуық түрі мүлде жойылып кетуі мүмкін екенін де хабарлаған едік.