Халықты алдау, жалған бедел: қоғамда не болып жатыр – талқылау

Ұлыстың «Бестің шайында» - жаңа талқылау. Журналист Самал Ибраева әріптесі Гүлбану Әбеновамен қоғамда қызу пікірталас тудырған оқиғаларды талқылайды.

Павлодарлық оқушының «Гарвардқа түстім» деген мәлімдемесі төңірегіндегі дау жұртты тағы да ойландырды. Қайырымдылық атын жамылып ақша жинаған Перизат Қайраттың ісі де көптің есінде. Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына басқа адамның ҰБТ тапсырғанына қатысты оқиға да ұмытылған жоқ.

Жуырда Нұртас Адамбайдың әйелі  оған қатысты «діни секта» туралы мәлімдеме тарап, онда белгілі коуч-психологқа айып тағылды. Ал Өскемендегі әкенің қызын ернінен сүйіп құттықтаған видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Бұл оқиғалардың сипаты әртүрлі. Бірақ әрқайсысы қоғамдағы сенім, жауапкершілік, жеке шекара және ақпаратты тексеру мәдениеті туралы сұрақ туғызады. Неге біз сыртқы жылтыраққа тез сенеміз? Жалған бедел қалай қалыптасады? Біреуді айыптамас бұрын дерек пен болжамды ажырата аламыз ба?

Журналистің міндеті - жұртты шулатқан оқиғаны қайталап айту ғана емес, оның себебін іздеу, маңызды сұрақтарды ортаға салу. Осы жолғы әңгімеде де ашық пікір айтып, бірге жауап іздедік.

Талқылаудың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Сізге қызық болуы мүмкін