Шахтинск қаласында әскери қызметкер асылып қалған

Қалижан Бектемір

Шахтинск қаласында 13 қазанда Ұлттық ұланның "Орталық" өңірлік қолбасшылығының 6505 ә/б келісімшарт бойынша қызмет атқарған әскери қызметші өз үйінде суицид жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы жағдайдың себебі отбасылық-тұрмыстық жанжал болуы мүмкін. Әскери қызметкер қызметтен тыс уақытта қайтыс болғаны айтылады.

Қазіргі уақытта тергеу органдары оқиғаның барлық жағдайлары мен себептерін анықтаумен айналысып жатыр.

Ұлттық гвардия суицид фактісін растады және марқұмның отбасына көңіл айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Подполковник жердегі кеспені жеуден бас тартқан сарбазды ұрып-соққан

АРМИЯДАҒЫ ӨЛІМ

Кейінгі жылдары «армияда көз жұмды» деген бір сарбаздың топырағы суымай жатып, екіншісі жан тапсырып жатыр. Қорғаныс министрінің орынбасары – генерал-майор Бақытбек Сыдықов қарулы күштерде соңғы төрт жылда 40 әскери қызметкер өзіне қол салғанын хабарлаған. Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қайтыс болғанын айтқан.

ӘСКЕРДЕГІ БУЛЛИНГ

Әскери саланы зерттеп жүрген журналист Амангелді Құрмет әскердегі, қала берді қоғамдағы буллинг қоғамның мәдени, құқықтық санасының көрінісі десе, әлеуметтік теория зерттеушісі Ғалым Жүсіпбек бүгінгі қазақ қоғамындағы зорлық, әлімжеттік, адам тұлғасын қастерлемеу сынды теріс әрекеттердің себебі тоталитар жүйемен тығыз байланысты екенін айтады.