«Жолдасым рұқсат етпейді»: Аша Матай өнерден неге алшақтап кеткенін айтты

Қалижан Бектемір

Әнші әрі актриса Аша Матай «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында өнерден не себепті алшақтап кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«МЕНСІЗ КИНОҒА ТҮСПЕШІ»

Жолдасым фильмге түсуге рұқсат етпейді. Ол рас. Өзінің жарын қызғану, қимау бұл негізі бүкіл ер азаматтарға тән қасиет деп ойлаймын. Оның үстіне Арманның қолдауы ерекше. Отағасына көп рақмет айтқым келеді. Сахнада жарқырап, құлпырып жүруімнің өзі сол кісінің арқасы, қолдауы. Өзінің «Менсіз киноға түспеші» деген өтініші бар еді. Мен соған келістім. Түсетін болсақ бірге түсеміз, – дейді ол.

АША МАТАЙ

Шын аты-жөні – Ақбота Маратқызы Асқарбекова, 1988 жылы Алматыда туған. Әнші әрі актриса. «Шабыт» және «Жаһан дала» жүлдесінің иегері, Республикалық телешоу – «Империя звезд» конкурсының жеңімпазы.

Теннис ойнайды, спорт шеберлігіне кандидат.

“Біржан Сал”, “Астана ғашықтар мекені”, “Обратная сторона”, “Коктейль для звезды”, “Настоящий полковник”, “16 қыз” сынды фильмдерге түскен. 

Бұған дейін орыс жігітіне тұрмысқа шыққан актриса қандай келін екенін айтқан еді.