Әскерилердің жалақысы мен зейнеттік төлемдері артады

Ғалиасқар Думан

Қазақстанда 2025-2026 жылдары күш құрылымдарының жалақысы орташа 48,2%-ға артады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Коллаж Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙЫ

Үкімет басшысының 27 қыркүйек күнгі қаулысына сай, күш құрылымдарына еңбекақы төлеу жаңа жүйеге көшпек. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың депутаттық сауалға берген жауабында айтылған.

ҚАНШАЛЫҚТЫ ӨСЕДІ

Алғашқы кезеңде офицерлік құрам жалақысын орташа 20,3%, қатардағы және сержанттық құрамдікін 33,9% арттыру көзделген. Екінші кезеңде офицерлік құрым жалақысын 23%, сержанттық құрам жалақысын 10%. жоғарылату жоспарланған.

ҚОСЫМША ТӨЛЕМ

Лауазымдық қызметақының өсуі өзге де төлемдердің артуына әсер етпек. Мәселен, сыныпқа қарай төленетін төлем, мемлекеттік құпияға жататын дерекпен жұмысқа қарай төленетін төлем, денсаулық төлемдері мен көтерме төлемдер, зейнетке шығарда берілетін зейнеттік төлем мөлшері де арта түседі.

Сондай-ақ коммуналдық қызметтердің 50%-н өтеу, дала төлемдерін енгізу, жылына бір рет еңбек демалысы кезінде әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне пойызбен, қоғамдық көлікпен жүруін тегін ету пысықталық жатыр.