Қазақстанда жұмыскерлердің 35,1%-ы 150-300 мың теңге жалақы алады

Қалижан Бектемір

Ұлттық статистика бюросы бірнеше кәсіпорында жұмыс істейтін 3,5 мың адамның жалақысын зерделеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

БАСШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ӨСКЕН

Оған сәйкес, жұмыскерлердің 35,1 пайызы 150-300 мың теңге алады. Олардың ішінде техника мамандары, сауда мен қызмет саласы, ауыл, балық пен орман шаруашылығының қызметкерлері бар. Ал біліктілігі жоқ жұмысшылардың көбісі (12%) 150 мың теңгеге күн көреді. Басшылардың жалақысы бір жылдың ішінде 11,4 пайызға өскен. Бүгінде олар 600 мың теңгеге дейін айлық алады.

(Фото: stat.gov.kz)

ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ КӨЛЕМІ

Жалақының көлемі білім деңгейіне де тығыз байланысты:

орта білімі бар қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы – 262 238 теңге;

жоғары білімі бар қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы – 438 005 теңге;

жоғары оқу орнынан кейінгі білімі барлардың орташа айлық еңбекақысы – 558 882 теңге.

Еске салсақ, бұған дейін әскерилердің жалақысы мен зейнеттік төлемдері артатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстанда ең жоғары айлықты кімдер алатынын да хабарлаған едік.