Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпов "Саяқ" кенішінің аумағында болған оқыс жағдайдан қаза тапқандардың жақынына көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ҚАЗАҚМЫС” КЕНШІЛЕРІНІҢ ӨЛІМІ
Саяқ кеніші аумағындағы екі жұмысшының өлімі жайлы министр былай дейді:
– Қазақмыстағы оқиға бойынша тиісті комиссия құрылды. Оның құрамына біздің департаменттің өкілдері кірді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол кісілердің тек біреуінің үш баласы бар екен. Ол үш баласына біздің тарапымыздан базалық төлемақы беріледі. Әлеуметтік сақтандыру қорынан да беріледі. Қайғылы жағдай туралы қорытынды акт шыққаннан кейін сақтандыруға жауапты болған компания тарапынан ақша беріледі. Үш баласына 343 мың теңге мөлшерінде төлем тағайындалып, төленіп отыр.
«САЯҚТАҒЫ» ЖАҒДАЙ
5 қазан күні сағат 19.30-да "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС "Саяқ" кенішінің аумағында – "Балқашцветмет" ӨБ тау-кен шебері Д. Игембаев, бұрғылаушы О. Зекей және бұрғылаушының көмекшісі М. Тұрыспаев белгісіз газға уланған. Жазатайым оқиға салдарынан Игембаев пен Тұрысбаев қаза тауып, Зекей Балқаштағы қалалық ауруханаға жіберілген.
“Саяқ” кен орны Қарағанды облысының оңтүстігінде Балқаш қаласының маңында орналасқан. Ол жерде мыс сульфаты өндіріледі.
“ҚАЗАҚМЫСТАҒЫ” ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРЫ
Былтыр жаңа жыл қарсаңында Ұлытау өңірінде орналасқан Жыланды кенішінде жерасты көлігінің жүргізушісі 31 жастағы шахта жұмысшысын қағып кетіп, жұмысшы қаза тапқан. Одан бір ай бұрын ғана Жамбыл облысындағы "Қазақмыс" кенішінде бірнеше жұмысшы қаза тапқан. Соның алдында ғана "Қазақмыс" кәсіпорнында машинист конвейер механизміне қысылып қайтыс болды. Қайғылысы сол, Қазақстанның ірі тау-кен кәсіпорындарындағы өлім-жітім статистикасы өсіп жатыр.
“ҚАЗАҚМЫС”
“Қазақмыс Корпорациясы” ЖШС – елдегі ірі тау кен және металлургиялық компания. 1997 жылы акционерлік қоғам ретінде құрылған 2005 жылы 14 қаңтарда ЖШС ретінде қайта тіркеуден өткен.
Негізін қалаушы – Владимир Ким.