Ауа райы. 8 облыста ескерту жарияланды

Әлихан Асқақ

«ҚазАвтоЖол» компаниясы 15 қазанда Қазақстанның 15 облысында ауа-райы нашарлайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

Ертең Абай, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр жауып, жылбысқы қар түсуі мүмкін. Шымкент, Алматы мен Жамбыл облыстарында жаңбыр жауады.

Осыған орай жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін сақтауды, жолдағы ауа райын ескеруді сұраймыз, – делінген хабарламада.

Автожолдардың жағдайы туралы барлық ақпаратты «ҚазАвтоЖолдың» тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөміріне хабарласып білуге болады.