Салық түсімі 76% төмендеген: Тәкиев бюджет жоспарының орындалмау себептерін атады

Аян Өрібай

Қазақстанның Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2024 жылдың 9 айында бюджетке қанша қаражат түсіп, мемлекеттік органдар бөлінген соманы қалай игеріп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia коллажы

ТӘКИЕВ НЕ ДЕЙДІ

Мәди Тәкиевтің айтуынша, биыл 9 айда мемлекеттік бюджетке түскен кірістер көлемі 14 трлн. 967 млрд теңгені құрап, жоспар 93,2% орындалған. Оның ішінде республикалық бюджеттің түсім көлемі  9 трлн 074 млрд теңгені құрап, жоспар 83,1% орындалған.

– Жоспардың орындалмау себептерінің бірі – салықтар бойынша түсімдердің 76 %-ға төмендеуіне байланысты болып отыр. Өткен жылмен салыстырсақ, салықтардың жалпы деңгейі сақталуда, – дейді ол.

КІРІСКЕ ӘСЕР ЕТКЕН ФАКТОРЛАР

Тәкиев кірістер бойынша, жоспарлы көрсеткіштердің дұрыс атқарылмауына келесі негізгі факторлар әсер еткенін айтады. 

– Біріншіден, мұнай өндіру көлемі 5,3 млн тоннаға қысқарды. Екіншіден, әлемдік экономиканың баяулауы мен геосаяси жағдайлар сыртқы сауда қызметіне, және елдің ірі компанияларының жеткізу тізбегінің үзілуі әсер етті. Мәселен, биыл 8 айда импорт көлемі 8,3%, оның ішінде Қытай халық республикасына 6,5%, Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен 4% төмендеді. Бұдан басқа, негізгі экспорттық металдарға бағаның төмендеу үрдісі де сақталып отыр, – дейді министр.

Осының себептердің салдарынан түсімдер қарқыны төмендеп, өңдеу өнеркәсібі салаларында 34%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 6% және ақпарат пен байланыс саласында шамамен 36% азайған.

Тәкиев сонымен бірге, өткен жылмен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтару көлемі 3 есе ұлғайғанын айтады. Бұл өз кезегінде бизнесті айналым қаражатымен қамтамасыз еткен.

ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ҚАНША АҚША АЛЫНДЫ

– Соған қарамастан, атқарылмаған салық түсімдері, салықтық емес төлемдердің өсуімен өтелді. Мәселен, аталған төлемдер бойынша есепті кезеңде 148 млрд теңге жоспарланған болса, іс жүзінде 921 млрд теңгені құрады. Жоспардың асыра орындалуы, 684 млрд теңге сомасына республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер түсу есебінен қамтамасыз етілді. Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарланған 1,7 млрд теңгеден бюджетке 5,1 млрд. теңге түсті. Әкімшілендіруді цифрландыру саласында қабылданып жатқан шаралар нәтижесінде, ағымдағы жылдың 9 айындағы салықтық және кедендік әкімшілендіру шеңберіндегі қосымша түсімдер, 794 млрд теңгені құрады, – дейді Тәкиев.

Министр рспубликалық бюджетке трансферттер түсімдері 4,5 трлн. теңгені, оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемі 2 трлн теңге құрағанын айтады. Одан бөлек Ұлттық қордан нысаналы трансферт ретінде тағы 2 трлн теңге сомасында тартылған.

Соған қарамастан, атқарылмаған салық түсімдері, салықтық емес төлемдердің өсуімен өтелді.

Мәселен, аталған төлемдер бойынша есепті кезеңде                     148 млрд. теңге жоспарланған болса, іс жүзінде 921 млрд. теңгені құрады.

Жоспардың асыра орындалуы 684 млрд. теңге сомасына республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер түсу есебінен қамтамасыз етілді.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарланған 1,7 млрд. теңгеден бюджетке 5,1 млрд. теңге түсті