Қазақстанның қай университеттері әлемдік рейтингке енді

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

QS Quacquarelli Symonds халықаралық агенттігі 2026 жылғы QS Asia University Rankings рейтингін жариялады. Тізімге Қазақстаннан 44 университет енді, оның ішінде 10 оқу орны алғаш рет осы беделді рейтингке кіріп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, рейтингке Азияның 25 елінен және аумақтарынан 1529 университет енгізілген, олардың 554-і алғаш рет қатысып отыр.

Орталық Азия бойынша 112 университеттің ішінде 44-і — Қазақстанға тиесілі. Салыстыру үшін: Өзбекстан — 22 университетпен, Қырғызстан — 6 оқу орнымен, Тәжікстан — 1 университетпен ұсынылған

QS 2026 РЕЙТИНГІНДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕР

Рейтингке алғаш рет енген 10 қазақстандық университет:

•     Назарбаев Университет — 201-орын
•     Алматы Менеджмент Университеті — 741–750 орын
•     М. Тынышпаев атындағы Көлік және логистика академиясы — 1001–1100 орын
•     А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті — 1101–1200 орын
•     Alikhan Bokeikhan University — 1201–1300 орын
•     Каспий университеті — 1201–1300 орын
•     Рудный индустриалды университеті — 1301–1400 орын
•     Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті — 1301–1400 орын
•     Астана халықаралық университеті — 1401–1500 орын
•     С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті — 1401–1500 орын

ҚАЗАҚСТАН — ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КӨШБАСШЫСЫ

QS сарапшыларының айтуынша, қазақстандық университеттер академиялық бедел, оқыту сапасы, халықаралық байланыс және түлектердің сұранысы бойынша жоғары нәтижелер көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан — Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет, оның университеттері өңірдің үздік 100 оқу орнына енген. Бұл тізімде:
•     әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — 38-орын
•     Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті — 61-орын
•     Satbayev University — 79-орын