Танымал актриса және продюсер Баян Алагөзова «Көреміз» бағдарламасында суррогат ана қызметінің бағасы туралы айтты. Мақсатқызының өзі де жақында осы қызметке жүгінген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАСЫРҒАНДЫ ҰНАТПАЙДЫ
Әуелі Баян Алагөзова мұндай әңгімені ашық айтқанды ұнататынын жеткізді.
«Мен әрдайым ашық болуды және мұндай нәрселерді жасырмауды ұнатамын. Ашық дереккөздерден бағалар туралы ақпарат табуға болады. Қазақстанда суррогат аналарға ай сайынғы төлем 250 мыңнан 350 мың теңгеге дейін, жағдай мен талаптарға байланысты. Кейбіреулері минималды соманы қабылдаса, басқалары жоғары төлемді талап етеді. Төлемдердің негізгі бөлігі бала туғаннан кейін жүзеге асырылады, бұл ай сайынғы төлемдерге кірмейтін бөлек сома», — деді Алагөзова.
Сондай-ақ ол Қазақстандағы суррогат аналардың гонорары халықаралық стандарттарға қарағанда өте төмен екенін және бұл шетелдік азаматтардың осы қызметтерді пайдалануға қызығушылығын арттыратынын атап өтті.
«Бала туу сияқты маңызды миссия үшін бұл шынында да аз. Гонорары 6 миллион теңгеден басталып, 10 миллионға дейін жетуі мүмкін. Менің жағдайымда бір суррогат ана 6 миллион, ал екіншісі 7 миллион сұрады. Мен олар сұрағаннан көп төлегенім, өйткені бұл жеткіліксіз деп есептедім. Тіпті менің ата-анам да таң қалды», – деп бөлісті продюсер.
Алагөзова төлемдерді көтеру шешімін қабылдағанын, себебі бала көтеру сияқты жауапты және маңызды міндет үшін төлем құны тым төмен деп санағанын айтты.
“БІЗДІ ЕРКЕКТЕР БАСҚАРЫП ОТЫР”
Бұған дейін Баян Алагөзова саясатта болса, Қазақстан үшін не істейтінін айтқан.
"ЕНДІ ЖАСЫРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ"
Баян Мақсатқызы баланы кімнен «көтергенін» айтқан еді.
Сондай-ақ Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов жуырда ғана туған күнін дүркіретіп тойлағанын көрсеткен едік.