Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Қалижан Бектемір

Қазгидромет 16 қазандағы ауа райына болжам жасады. Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Түнде елдің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, түнде Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, түнде шығыста, оңтүстікте, елдің орталығында қар жаууы ықтимал.

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Елде жел күшеюі күтіледі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады. Ел орталығында қарлы боран, шығысында, оңтүстігінде, орталығында, республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда көктайғақ болжанады.

Түнде Қызылорда, Түркістан облыстарында 1-6 градус үсік күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, Атырау облысының батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.