Сәкен Сейфуллиннің жоғалған екі күйі табылды

Қалижан Бектемір

Тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов Қазақ радиосының Алтын қорынан Сәкен Сейфуллиннің орындалмай жүрген екі күйі бар радиожазбаны тапқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

1964 жылы республикада Сәкен Сейфуллиннің 70 жылдығы тойланып, қобызшы Дәулет Мықтыбаев Қазақ радиосына келіп, қобызда 1920 жылдары Сәкен Сейфуллиннен үйреніп алған Сейфуллиннің “Сарыарқа” және “Әупілдек” атты 2 күйін орындады, – деп келтіреді 24.kz телеарнасы Әбсеметовтің сөзін.

Сондай-ақ ақынның аспаптық пьесалар да жазғаны туралы жаңалығы сол кезде мұрағат құжаттары арасында жоғалып кеткені айтылады.

Әзірге Сәкен Сейфуллиннің 2 күйі ғана табылды. Алайда олардың саны көп болған, – деген сенімде қазақ ағартушысының шығармашылығын зерттеушілер мен оның жақындары.

Еске салсақ, кеше ақын, жазушы, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толды.