Украинаның Тернополь облысының билігі Ресейдің соққысы салдарынан өрт болғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық әскери әкімшілік басшысы Вячеслав Негоданың айтуынша, Ресейдің бүгін түндегі соққысы салдарынан Украинаның Тернополь облысындағы өнеркәсіптік нысандардың бірінде ауқымды өрт болған.
Түнгі шабуыл кезінде жау облыс аумағындағы өнеркәсіптік нысандардың біріне соққы беріп, ауқымды өрт шықты.
Салдарды жедел жою үшін 12 арнайы техникада 45 құтқарушы және 4 арнайы техникада 12 полиция қызметкері тартылды, – деп жазды ол Telegram-арнасында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.