Бүгін түнде Астанада тағы бір жатақхана өртенді

Қалижан Бектемір

Бүгін түнде елордадағы жатақханалардың бірінен тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 4 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Мәліметтерге қарағанда, Сарыарқа ауданы Құтпанов көшесі бойындағы бес қабатты жатақхананың дәлізінде қоқыс өртенген.

ТЖМ күштері баспалдақ арқылы 2 адамды, оның ішінде 2 баланы эвакуациялады, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ түнде Астананың Есіл ауданы Мереке көшесі бойындағы коттедждің шатыры өртенген. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, кеше Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінен өрт шыққан болатын. Зардап шеккендер бар.