ҚМДБ 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті

Қалижан Бектемір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2025 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөз

ҚМДБ мәлімдеуінше, Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. 

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, – делінген хабарламада.