«Алтын-Емел» паркінде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

Қалижан Бектемір

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сілеусін фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: instagram.com/altynemel_np

«Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Күзет бөлімінің жоспарлы рейдтік іс-шарасы кезінде көзге түскен, – деп жазылған парктің Instagram-дағы парақшасында.

Сілеусін – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Жер бетінде жабайы жануарлар саны 73%-ға азайып кеткен

Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған.

Бұған дейін Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы ғылыми-зерттеу жүргізу мақсатында құрылған фототұзаққа түскен Тянь-Шань қоңыр аюы туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ Алматы облысында қар барысы фототұзаққа түскенін жазған болатынбыз.