Түркияда күшті жер сілкінісі болды

Әлихан Асқақ

Жер сілкінісінің ошағы Кале қаласында 10,7 км тереңдікте орналасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөз

МӘН-ЖАЙЫ

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 6 балға жеткен жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 10:46-да Малатия қаласынан шығысқа қарай 44 шақырым жерде болған. Жер сілкінісінің ошағы шамамен он шақырым тереңдікте болған.

МӘЛІМЕТ

Азаматтар үйлері мен кеңселерін тастап, жақын маңдағы саябақтар мен алаңдарға жиналды.

Каледегі бірнеше бүлінген ғимарат қоршауға алынып, қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Малатья провинциясының губернаторы Седдар Явуз қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ екенін айтты.