ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар өлтірілгені хабарланды

Ғалиасқар Думан

Израиль қорғаныс армиясы Хамас қарулы тобының жетекшісі Яхья Синвардың өлімі туралы ақпаратты тексеріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AP

МӘН-ЖАЙЫ

Газа секторындағы арнайы операция кезінде Хамастың үш өкілі қаза тапқан.

"ЦАХАЛ пен ШАБАК террористердің бірі Яхья Синвар болуы мүмкін дегенді тексеріп жатыр. Қазіргі уақытта террористердің жеке басын растау мүмкін емес", – делінген Израиль армиясының хабарламасында.

Sky News Arabia дереккөзі Рафах операциясы кезінде ХАМАС көшбасшысы қайтыс болғанын растады деп жазады.

Хамас Яхья Синвардың ықтималды өлімі туралы ақпаратқа пікір білдірмеді.

Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галант Х әлеуметтік желісінде "біздің жауларымыз жасырына алмайды. Біз оларды қуып, жоямыз деп жазды.

ОЛ КІМ ЕДІ

Яхья Синвар 1962 жылы Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнис қаласындағы босқындар лагерінде дүниеге келген. Ол 20 жылдан астам уақытты Израиль түрмелерінде өткізіп, 2011 жылы Палестина тұтқынында бірнеше жыл өткізген израильдік сарбаз Гилад Шалитке мыңға жуық тұтқынды айырбастау аясында босатылған.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Синвар Газа секторында жасырынған. Ол 2024 жылдың тамыз айының басында ХАМАС жетекшісі Исмаил Хания Тегерандағы резиденциясына жасалған соққыдан қаза тапқаннан кейін ұйымға жетекші болып келген. Синвара Израильде 2023 жылдың 7 қазанында содырлардың шабуылын ұйымдастырушылардың бірі болып саналады.