Ақтөбедегі тергеу изоляторында педофил өзіне қол жұмсады

Қалижан Бектемір

Ақтөбеде кәмелетке толмаған адамға зорлық жасады деп айыпталған сотталушы тергеу изоляторында суицид жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ

Ақтөбе қаласының аралас қауіпсіздік мекемесінде 16 жасқа толмаған адамға зорлық көрсеткені үшін күдікті болған, тергеу-қамауға алынған адамНЫҢ өзіне қол жұмсауы тіркелді, – деп хабарлады Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

САРАПТАМА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Алдын ала мәліметтер бойынша, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.