Атырауда 15 көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды

Қалижан Бектемір

Атырау қаласында жылу маусымы басталғанына қарамастан, кейбір көпқабатты үйлерде жылу жүйесінде ақау шығып, тұрғындар пәтерлердің суық екеніне шағымданып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Azh.kz сайтының жазуынша, әсіресе, Жерұйық ықшам ауданындағы бірнеше үйде жылу әлі берілмеген.

Атырау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының мәліметінше, қаладағы 1033 көпқабатты үйге жылу берілген, бірақ 15 үйде апаттық жағдайлар болғандықтан, уақытша жылу беру тоқтатылған.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Абай облысындағы Аягөз ауданындағы қазандықтан ақау шыққанын жазған болатынбыз.