Елде жанар-жағармай бағасына қойылған шектеу алынып тасталмақ

Қалижан Бектемір

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жанар-жағармай бағасына қойылған шектеуді алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Kolesa.kz

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

Бұл туралы Астанада өткен дөңгелек үстел барысында АЗРК төрағасы Марат Омаров айтты.

Ол атап өткендей, Орталық Азия аймағындағы теңгерімсіздік пен бағаның арзандығынан Қазақстаннан басқа елдерге жанар-жағармай тасымалдау жағдайлары көбейген.

Баға шектеулерін жою туралы шешім қабылданды. Алайда бұл мәселені негізгі ойыншылар қарастыруы керек. Бұған дейін "Petrosun" ЖШС нарықтың 50%-ға жуығын бақылаған, бірақ ол бізге "ҚазМұнайГаз" құрылымының активтері ретінде қайтарылды. Қазір жанар-жағармай нарығының 80 пайызы мемлекет бақылауында. Маңызды кезең жанар-жағармайдың шекті бағасын реттеу, – деді М.Омаров.

БАҒАНЫ БАҚЫЛАУДАН БАС ТАРТЫЛАДЫ

АЗРК төрағасы монополияға қарсы заңнаманы бұзбау бойынша ірі желілермен жұмыс істеу тетігі әзірленіп жатқанын айтты.

Бірте-бірте бағаны қатаң бақылаудан бас тартуымыз керек, – деді ол.

Еске салсақ, Павлодарда жанармай құю стансасы өртеніп кеткен болатын. Сондай-ақ қырғыз көліктері Қазақстаннан заңсыз жанармай әкетіп жатқанын жазған едік.