Алматыда танымал тұлғалар «Жарқын күз» күзгі науқанын қолдады

Қалижан Бектемір

Алматыда эстрада жұлдыздары, жастар ұйымдарының өкілдері және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Жарқын күз» ауқымды науқанына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: дереккөз

Қаладағы 8 аудан тұрғындары көше тазалау мен ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді атсалысты. 

Сенбілікке Қазақстанның халық ариісі, композитор Алтынбек Қоразбаев және әнші Абай Бегей де қатысты. Артистер қала тұрғындарын тазалықты сақтап, қалаға қамқорлық жасауды сенбілік күндері ғана емес, үнемі жүргізуге шақырды.

Айта кетейік, экологиялық акцияға барлығы 10 мыңнан астам қала тұрғыны қатысып, 300-ден астам техника, сондай-ақ 1755коммуналдық қызметкер жұмылдырылды. Қаланың әр түкпірінде 10 мыңнан астам көшет егілді, оның 1200-і Алатау ауданындағы ALA жаңа саябағына отырғызылды.